Candy CCTOS 542XH Refrigerators

User Manual - Page 182

For CCTOS 542XH.

PDF File Manual, 192 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Ескертулер
Өнімдерде немесе тоңазытқыштың есікшесін ашқан кезде оның ішіне кіретін ауада бар су
тоңазытқыштың ішінде қырау қабатының түзілуіне əкеліп соғуы мүмкін. Бұл тоңазытқыштың
жұмысының тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. Егер қырау қабатының қалыңдығы 2 мм-
ден асса, оны жібіту керек.
Мұздатқыш камераны жібіту қолдан жүргізіледі. Жібітуді орындаудың алдында тамақты, мұз
дайындауға арналған астауша мен сөрені тоңазытқыш камераға көшіріңіз, ал содан кейін
температураны реттеуіштің тұтқасын "0" қалпына орнатыңыз (содан кейін компрессор
ажыратылады) жəне мұз немесе қырау толық ерігенге жəне бұл орайда түзілген су
мұздатқыш камераның түбінде жиналғанға дейін камераның есікшесін ашық қалдырыңыз.
Содан кейін жиналған суды жұмсақ шүберектің көмегімен жинап тастаңыз. Жібітуді тездету
үшін, сізге мұздатқыш камераның ішіне жылы су (шамамен 50°С) құйылған тостағанды
қоюыңызға болады. Жібіткеннен кейін температураны реттеуштің тұтқасын бастапқы
қалпына орнатуды ұмытпаңыз.
Жібіту кезінде, ішкі корпустың деформациясынан сақтану үшін, мұздатқыш камераны тікелей
ыстық сумен немесе шашқа арналған фенмен жылытпауға кеңес беріледі.
Сондай-ақ, корпустың ішкі бетін немесе буландырғыштың бетін зақымдаудан сақтану үшін
мұздатылған тамақ толтырылған контейнерлерден мұз бен қырауды үшкір заттардың
немесе ағаш қалақшалардың көмегімен қырмауға кеңес беріледі.
180
Loading ...
Loading ...
Loading ...