Philips GC9140/02 Pressurised Steam Generator

User Manual - Page 44

For GC9140/02.

PDF File Manual, 108 pages, Read Online | Download pdf file

GC9140/02 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
6 Ыстыққа төзімді үтік қойғыш жастықшаны тақтаға қойып, үтікті үстіне
қойыңыз (Cурет 9).
Ескертпе: Үтіктеу барысында жастықшаға үтікті алаңсыз қоя беруіңізге болады.
7 Бумен үтіктеу үшін температура түймесіне 2 немесе одан жоғарыға
орнатыңыз. (Cурет 10)
8 Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана қосуға болады (Cурет 11).
- Қосу/айыру айырып қосқышты on (қос) жағдайына орнатыңыз. (Cурет 12)
- Бу шығарушы қызып жатқандығын білдіріп, бу жарығы жымыңдай бастайды. 2 минуттан соң,
құралды қолдана беруге болады. Сіз екі “бип” дыбысын естисіз, бу жарығы жымыңдағанын
тоқтатып, бір қалыпты болып жанып тұрады. Бу шығару үшін, бу шығару түймесін басыңыз.
- Қатты қыртысты кетіру үшін, буды күшейту функциясын қолдануға болады. Температураны
реттеу дөңгелегін 3 және MAX (ЕҢ ЖОҒ.) мәндері аралығына қойыңыз Буды күшейту
түймесін басыңыз.
Буды адамдарға бағыттаушы болмаңыз.
9 Бу түймесін керекті бу шығару бағдарламасын таңдау үшін басыңыз (Cурет 13).
- Көп бу шығаруға арналған «Жоғары» параметрі (температураны 3 және MAX (ЕҢ
ЖОҒ.) мәндері аралығына қойыңыз)
- Орташа мөлшерде бу шығаруға арналған «Орташа» параметрі (температураны 3 және
MAX (ЕҢ ЖОҒ.) мәндері аралығына қойыңыз)
- Қоршаған ортаға зияны жоқ түрде бу шығаруға арналған «ECO» параметрі
(температураны 2 және MAX (ЕҢ ЖОҒ.) мәндері аралығына қойыңыз).
Ескертпе: Егер сіз үтікті 10 минуттан артық уақыт бойы қолданбасаңыз, қауіпсіздік себептен
үтік автоматты түрде сөнеді. Автоматты түрде сөндіру жарығы жымыңдайды. Құралды
қайта қосу үшін, кез келген түймені басыңыз (Cурет 14).

Бұл құрал автоматты түрде қақтан тазалау жүйесімен жабдықталған. Уақыт өткен сайын, бу
шығарушы ішінде қақ қалдықтары жиналып қалады. 6-8 рет су ыдысын қолданғаннан кейін
құрал өзін қақтан тазалау үшін автоматты түрде қақтан тазалау жүйесі іске қосылады.
1 Автоматты түрде қақтан тазалау процессі орын алғанда, Автоматты түрде қақтан тазалау
жарығы жымыңдайды және сіз қысқа бип дыбысын естисіз. (Cурет 15)
- Процесс аяқталғанша, шамамен 2 минуттай күтіңіз.
- Процесс барысында, құрал анда-санда сору және сыртылдау дыбыстарын шығарады.
2 Автоматты түрде қақтан тазалау процессі аяқталғанда, автоматты түрде қақтан тазалау
жарығы сөнеді.
, Қақтан тазалау ыдысының жарығы жымыңдайды (Cурет 16).
3 Су ыдысын алыңыз (Cурет 17).
- Қақтан тазалау ыдысын босату түймесін басып, ыдыстың ішіндегі суды раковинаға
босатыңыз.
4 Су ыдысына су құйып, оны бу шығарушыға қайта орнатыңыз (Cурет 18).
- Енді автоматты түрде қақтан тазалау процессі аяқталып, бу жарығы тоқтаусыз жанғанда,
сіз үтіктеу жұмысыңызды жалғастыра аласыз.
Ескертпе: Егер сіз қақтан тазалау ыдысын босатпасаңыз, онда келесі автоматты түрде
қақатан тазалау барысында ыдыс толып, тасып кетеді.
44
Loading ...
Loading ...
Loading ...