Candy CH95C/3 Hob

User Manual - Page 97

For CH95C/3.

PDF File Manual, 104 pages, Read Online | Download pdf file

CH95C/3 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
1. Сəйкестік декларациясы
Бұл жабдықтың тамақпен жанасатын бөлшектері ЕЭО 89/109
директивасында баяндалған талаптарға сəйкес келеді.
Электр аспап 2006/95/EО жəне 2004/108/EО
директиваларымен жəне оларға келесідегі
түзетулермен алмастырылған ЕЭС 73/23/EEC жəне
89/336/EEC директиваларының талаптарына сəйкес
келеді.
2. ОРНАТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУЛЫҚТАР
ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКАНЫ ОРНАТУ КҮРДЕЛІ ЖҰМЫС
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ, ОНЫҢ ДҰРЫС ОРЫНДАЛМАУЫ
ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ТЕРІС ƏСЕР ЕТУІ
МҮМКІН. ОСЫ СЕБЕПТЕН, ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКАНЫ
ОРНАТУДЫ БІЛІКТІЛІГІ ЖОҒАРЫ МАМАНДАР ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУҒА ТИІС, ОЛАР ОРНАТУДЫ БАРЛЫҚ
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НОРМАЛАРДЫ САҚТАЙ
ОТЫРЫП ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ. БҰЛ ЕСКЕРТУ ЕЛЕНБЕГЕН
ЖƏНЕ ОРНАТУДЫ ЖЕТКІЛІКТІ БІЛІКТІЛІГІ ЖОҚ АДАМ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАҒДАЙДА, ӨНДІРУШІ ЖАБДЫҚТЫҢ
ІСТЕН ШЫҒУЫНА ЖƏНЕ БҰЛ ОРАЙДА МҮЛІККЕ НЕМЕСЕ
АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЛТІРІЛГЕН НҰҚСАНҒА
ҚАТЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ КІНƏРАТ-ТАЛАПТАРДЫ
ҚАБЫЛДАМАЙТЫН БОЛАДЫ.
Сіздің пісіретін бетіңіз оған қоса орнатылатын ас үй жиһазы
мен оның маңайында орналасқан бүкіл жиһаз жоғары
температураларға шыдай алатын материалдардан жасалған
болуға тиіс. Сонымен қатар, барлық əшекейлік таспалар
жылуға төзімді желіммен жабыстырылған болуға тиіс.
Орнату (B/D сурет):
• Пісіретін бетпен жиынтықталымда герметикаландыратын
аратөсем жеткізіледі.
Орнатудың алдында:
• Пісіретін бетті шыны-керамика беті төменге қарайтындай
етіп жатқызыңыз.
Шыны-керамика беттің қорғалғанына көз жеткізіңіз.
Аратөсемді пісіретін беттің периметрінің бойымен
орнатыңыз.
• Пісіретін бет оған тіреніп тұратын шкафқа су ағудан сақтану
үшін, аратөсемнің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Пісіретін бет пен оның қасында орналасқан ас үй жиһазының
вертикалды қабырғаларының арасындағы қашықтық кем
дегенде 5 см болуға тиіс.
• Егер орнатылған пісіретін беттің астыңғы жағы жиыстыруды
немесе басқа шаруаларды орындайтын уақытта қол жеткізу
жүзеге асырылатын аумақта орналасқан болса, онда пісіретін
беттен төменде бөгет орнатыңыз.
Бөгет күйіп қалудан немесе зақым алудан сақтану үшін,
пісіретін беттен 1 см қашықтықта орнатылуға тиіс.
• Тамақ пісіретін беттің үстінде ауа тартқыш орнатылатын
жағдайда, ауа тартқышқа арналған нұсқаулықта көрсетілген
минималды монтаждау қашықтығын басшылыққа алыңыз.
• Ауа тартқыш плитаның үстіндегі шкафқа орнатылатын
жағдайда, тамақ пісіретін бетке дейінгі минималды қашықтық
70 см болуға тиіс.
4. ЭЛЕКТР ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Орнату стандартты директивалардың талаптарын сақтай
отырып жүзеге асырылуға тиіс. Өндіруші бұйымды дұрыс
пайдаланбаудың нəтижесінде орын алған зақымдарға
қатысты ешқандай кінəрат-талаптарды қабылдамайды.
Ескертулер:
• Электр аспапты электр желісіне қосуды жүзеге асырудан
бұрын, міндетті түрде электр желісіндегі кернеуді, автоматты
ажыратқыштың реттелуін, электр аспаптың жерге тұйықтау
желісінде үзіктің жоқтығын жəне балқыма сақтандырғыштың
номиналын тексеріңіз.
• Электр аспап электр розеткасына қорғаныштың жерге
тұйықтау істігімен жабдықталған ашаның көмегімен немесе
контактыларының арасындағы қашықтық кем дегенде 3 мм
қосполюсті ағытқыш арқылы қосылуға тиіс.
Егер электр аспап штепсельді розеткамен жабдықталған
болса, онда ол штепсельдік розеткаға ыңғайлы қол жеткізу
мүмкіндігі болатындай етіп орнатылуға тиіс.
• Қоректендіру бауының сары-жасыл өткізгіші электр
розеткасы мен электр аспаптың жерге тұйықтау контактысына
жалғануға тиіс.
• Өндіруші электр аспаптың жерге тұйықталмауының салдары
болып табылатын немесе жерге тұйықтау желісінде үзілу
орын алғанының салдары болып табылатын жазатайым
оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.
• Қоректендіру бауын пайдалануға байланысты сұрақтар
туындаған жағдайда, сатудан кейін қызмет көрсету қызметіне
немесе білікті электрикке хабарласу керек.
• Қоректендіру бауы зақымдалған жағдайда, оны ауыстыруды
сервистік қызметтің қызметкері арнайы құрал-сайманды
пайдаланып жүзеге асыруға тиіс.
3. ҚОСА ОРНАТЫЛАТЫН ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Егер қоректендіру бауын ауыстыруды
жүзеге асырудың қажеттілігі орын алса, қоректендіру
бауының өткізгіштерін төменде көрсетілген түстік кодтарға
сəйкес жалғаңыз.
КӨК - НЕЙТРАЛЬ (N)
ҚОҢЫР - ФАЗА (L)
САРЫ-ЖАСЫЛ - ЖЕР ( )
Пісіретін бет бұл электр аспапты тек екі фазаның арасындағы
немесе фаза мен нейтральдің арасындағы кернеуі 220-240 В
электр желісіне қосуға мүмкіндік беретін қоректендіру
бауымен жабдықталған.
электр аспапты балқыма сақтандырғышпен қорғалған
электр розеткасына қосыңыз
Алайда, сондай-ақ пісіретін бетті төмендегі электр желілеріне
қосуға мүмкіндік бар:
220-240 В 3~ үш фаза немесе 380-415 В 3N~ үш фаза.
Жаңа қосылуға ауысу үшін төмендегі нұсқаулықтарды
орындаңыз:
Қосылуды жүзеге асырудан бұрын, электр аспап лайықты
балқыма сақтандырғыштың көмегімен қорғалғанына жəне
əкелетін өткізгіштердің қимасының ауданы электр аспапты
қалыпты қоректендіру қамтамасыз етілетіндей жеткілікті
болып табылатынына көз жеткізіңіз.
Пісіретін бетті үстелдің үстіне шыны-керамика жағын төмен
қаратып жатқызыңыз. (Шыны-керамика бет қорғалған болуға
тиіс!).
97 KAZ
Loading ...
Loading ...
Loading ...