Philips FC9150/01 Vacuum Cleaner With Bag

User Manual - Page 4

For FC9150/01.

PDF File Manual, 4 pages, Read Online | Download pdf file

FC9150/01 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша пайдалану
құжаттамасын
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып,
оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
Ешқашан суды немесе басқа сұйықтықты, жанғыш заттарды немесе ыстық
күлді сормаңыз.
Абайлаңыз
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды
қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек
Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет көрсету орталығында
немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
- Шлангіні, түтікті немесе басқа қосалқы құралды көзіңізге қаратпаңыз
немесе аузыңызға салмаңыз.
- Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан
ажырату керек.
- Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулар алған болса және байланысты қауіптерді түсінсе, бұл
құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене, сезу
немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ
адамдарға пайдалануға болады. Балалар құралмен ойнамауы керек.
Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін
бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
- Құралды және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде
сақтаңыз.
- Бұл шаңсорғыш тек тұрмыстық қолданысқа арналған. Бұл шаңсорғышты
құрылыс қалдығын, цемент шаңын, күлді, ұсақ құмды, әкті және ұқсас
заттарды соруға пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты сүзгілерсіз қолдануға
болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-ақ шаңсорғыштың қызмет
мерзімін қысқартуы мүмкін. Шаңсорғыштың барлық бөлшектерін
әрдайым пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей тазалаңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілген болмаса, ешқандай
бөлшектерін сумен және/немесе тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Абайлаңыз
- Құралды сүзгілерсіз қолдануға болмайды. Моторға зақым келуі, сондай-
ақ құралдың қызмет мерзімін қысқартуы мүмкін.
- Тек бір рет пайдаланылатын Philips s-bag® шаң дорбаларын немесе
қайта пайдалануға болатын шаң дорбаларын қолданыңыз. Басқа
түрлердегі немесе брендтегі шаң дорбалары шаңсорғышты зақымдауы
мүмкін.
- Шаң сорғыш шаңды жақсылап жинап, оңтайлы қызмет көрсетуі үшін,
сүзгілерді тек түпнұсқа Philips сүзгілерінің дұрыс түрімен алмастырыңыз
(«Қосалқы құралдарға тапсырыс беру» тарауын қараңыз).
- Максималды шу деңгейі: Lc = 84 дБ(A)
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Керек-жарақтарға тапсырыс беру
Керек-жарақтарды немесе қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін,
www.philips.com/parts-and-accessories сайтына кіріңіз немесе Philips
дилеріне хабарласыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыға
қолдау көрсету орталығына хабарласа аласыз (байланыс мәліметтерін
халықаралық кепілдік парақшасынан қараңыз).
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support
сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Өңдеу
- Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға
болмайтынын білдіреді (2012/19/EU) (сурет 1).
- Электрондық және электр өнімдерін бөлек жинау бойынша жергілікті
ережелерді орындаңыз. Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізбеуге көмектеседі.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі
ақпараттың көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар
тізімін көру үшін www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе еліңіздегі
Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе Ықтимал себеп Шешім
Сорғызу қуаты
жеткіліксіз.
Шаң дорбасы толы. Қайта пайдаланылатын шаң
дорбасын босатыңыз немесе
бір рет пайдаланылатын шаң
дорбасын ауыстырыңыз.
Сүзгілер кірлеген. Сүзгілерді тазалаңыз немесе
алмастырыңыз.
Сору қуаты төменгі
параметрге
орнатылған.
Құрылғыдағы немесе
тұтқадағы реттегішпен сору
қуатын көбейтіңіз.
Саптама, түтік
немесе шланг бітеліп
қалған.
Тұрып қалған затты алу үшін
бітіп қалған бөлікті ажыратып,
(мүмкіндігінше) басқа жолмен
байланыстырыңыз.
Шаңсорғышты қосып, тұрып
қалған затты кері бағытта
сорғызу арқылы шығарып
алыңыз.
Шаңсорғышты
пайдаланғанда
кейде электр
соққыларын
аламын.
Шаңсорғышта
статикалық электр
жиналады. Ауа
ылғалдылығы
неғұрлым төмен
болса, құралда
соғұрлым көп
статикалық электр
жиналады.
Түтікті бөлмедегі басқа темір
заттарға (мысалы, үстелдің,
орындықтың аяқтарына, жылу
батареясына т.б.) қарсы
ұстау арқылы құралдың
зарядын кетіріңіз. Бөлмедегі
ауа ылғалдылығын да көтере
аласыз.
Шаңсорғыш қаппен
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.", Туссендиепен 4, 9206 АД,
Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы: "ФИЛИПС" ЖШҚ,
Ресей Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы, Сергей Макеев көшесі, 13-үй,
тел. +7 495 961-1111
FC9174, FC9170: 220-230 В; 50-60 Гц; атауы. қуаты 1800 Вт IEC, макс. қуаты
* 2200 Вт MAX
FC9150: 220-230 В; 50-60 Гц; атауы. қуаты 1800 Вт IEC, макс. қуаты * 2000
Вт MAX
* Шаңсорғыш ең жоғары кернеудегі (IEC 60335-1 стандартына сәйкес) ашық
электронды кіріспен және электр қозғалтқышының электр параметрлерін
рұқсат етілген ауытқулармен жұмыс істеген кезде қуат тұтыну максималды
қуаттан аспайды (MAX).
II- класс
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған
Польшада жасалған
Сақтау шарттары, пайдалану
Температура 0°C - +50°C
Салыстырмалы ылғалдылық 20% - 95%
Атмосфералық қысым 85 - 109kPa