Candy CFOE 5482W Refrigerators

User Manual - Page 152

For CFOE 5482W.

PDF File Manual, 164 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
150
Мұздатқыш камераны жібіту қолдан жүргізіледі. Жібітуді орындаудың алдында тамақты, мұз
дайындауға арналған астауша мен сөрені тоңазытқыш камераға көшіріңіз, ал содан кейін
температураны реттеуіштің тұтқасын "0" қалпына орнатыңыз (содан кейін компрессор
ажыратылады) жəне мұз немесе қырау толық ерігенге жəне бұл орайда түзілген су
мұздатқыш камераның түбінде жиналғанға дейін камераның есікшесін ашық қалдырыңыз.
Содан кейін жиналған суды жұмсақ шүберектің көмегімен жинап тастаңыз. Жібітуді тездету
үшін, сізге мұздатқыш камераның ішіне жылы су (шамамен 50°С) құйылған тостағанды
қоюыңызға болады. Жібіткеннен кейін температураны реттеуштің тұтқасын бастапқы
қалпына орнатуды ұмытпаңыз.
Жібіту кезінде, ішкі корпустың деформациясынан сақтану үшін, мұздатқыш камераны тікелей
ыстық сумен немесе шашқа арналған фенмен жылытпауға кеңес беріледі.
Сондай-ақ, корпустың ішкі бетін немесе буландырғыштың бетін зақымдаудан сақтану үшін
мұздатылған тамақ толтырылған контейнерлерден мұз бен қырауды үшкір заттардың
немесе ағаш қалақшалардың көмегімен қырмауға кеңес беріледі.
Желілік бау зақымдалған жағдайда, оны ауыстыруды өндіруші тағайындаған сервистік
орталықтың қызметкері орындауға тиіс, өйткені бұл жұмысты орындау үшін арнайы
құрал-с
айман қажет.
Есікшенің ашылу бағытын өзгерту
Бұл тоңазытқыш оң жақта орналасқан есік топсаларымен бірге жеткізіледі. Егер сіз есікшені
басқа жаққа қайта ілгіңіз келсе, төменде келтірілген нұсқаулықтарды ұстаныңыз:
1. Үстіңгі қақпақты шешу үшін, оны бекітетін шағын пластик бұқтырмаларды (7) жəне винттерді
(6) алып тастаңыз.
2. Үстіңгі топсаны (оң жақ) (5) корпусқа бекітетін екі винтті (1),бұрап алыңыз. Үстіңгі топсаны (5)
шешіңіз.
3. Есікшені сəл көтеріп, шешіп алыңыз да, оған сызат түспеуі үшін жұмсақ бетке жатқызыңыз.
4. Астыңғы топсаны (2) бекітетін екі винтті (8),бұрап алыңыз да, оны шешіңіз.
5. Оң жақ алдыңғы аяқты у (4) шешіп алыңыз да, оны оң жаққа ауыстырыңыз.
6. Бұл астыңғы топсаны (2) орнатудың алдында орнықтырғыш бұранданы (9) шешіп алып,
астыңғы топсаны (2) аударыңыз. Содан кейін 2 винтті (8) пайдалана отырып, астыңғы
топсаны (2) корпустың төменгі бөлігінің сол жағынан орнатыңыз.
7. Орнықтырғыш бұранданы (9) астыңғы топсаға (2) орнатыңыз.
8. Есікшенің астыңғы топсамен (2) орнықтырылатынына көз жеткізіп, оны орнына орнатыңыз.
9. Есікшені жабық қалпында ұстап тұрып, екі винттің (1) көмегімен үстіңгі топсаны (5) корпустың
үстіңгі бөлігінде оң жағынан бекітіңіз. Есікше үстіңгі қақпаққа қатысты түзетілгенге дейін
винттерді (1) қатайтып тартпаңыз.
10. Винттерді (6) пайдаланып, үстіңгі қақпақты тоңазытқыштың үстіңгі бөлігінде бекітіңіз жəне
шағын пластик бұқтырмаларды (7) орнатыңыз.
11. Есікшенің тұтқас
ын (10) сол жақтан оң жаққа қайта орнатыңыз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...