Candy CTOP130 Refrigerators

User Manual - Page 99

For CTOP130.

PDF File Manual, 128 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қоректендіру бауы
Тоңазытқышты іске пайдалану уақытында қоректендіру бауы
ұзартылмауға
немесе орамдар бүктелмеуге тиіс. Сонымен қатар,
қоректендіру бауы электр аспаптың артқы қабырғасында орналасқан,
оның температурасы тоңазытқыш жұмыс істеп тұрған уақытта
жетерліктей жоғары болып табылатын компрессордың қасынан
өтпейтін болуға тиіс. Баудың компрессорға тиюі баудың оқшауламасын
бұзады немесе электр тогының жылыстауына алып келеді.
Ылғалдан қорғау
Электр аспаптың металл бөліктерінде таттың түзілу мүмкіндігін барынша
азайту үшін, тоңазытқышты ылғалдығы жоғары жерлерге орнатаңыз.
Сондай
-ақ, тоңазытқышқа су шашуға тыйым салынады, өйткені бұл
оқшауламаның нашарлауына жəне токтың жылыстауына əкеліп соғуы
мүмкін.
Жылудан қорғау
Тоңазытқыш кез келген жылу көзінен үлкен қашықтықта
орналастырылуға жəне тура күн сəулесінің əсерінен қорғалған болуға
тиіс.
Орнықты қалпы
Тоңазытқыш оның үстіне орнатылатын еден тегіс жəне қатты болуға
тиіс. Тоңазытқыш пенопласт секілді жұмсақ материалдың үстіне
орнатылмауға тиіс. Егер тоңазытқыш қатаң горизонталды түрде
орнатылмаған болса, оның қалпын түзеуге арналған аяқтардың
көмегімен реттеңіз. Тоңазытқыш жаңғырық туғызатын заттардың
қасында орнатылмауға тиіс.
Қауіпті заттектерден алыс орналастыру
Тоңазытқыштың қасында газ, бензин, спирт, лак, банан эссенциясы
жəне т.т. секілді ұшқыр немесе жанғыш заттардың болмағаны дұрыс.
Жоғарыда аталған материалдар тоңазытқышта сақтала алмайды.
Орнын ауыстыру
Тоңазытқышты горизонталды қалпында жылжытуға немесе вертикалдан
45° астам бұрыш астында орнатуға тыйым салынады.
3.Ескертулер
Өнімдерде немесе тоңазытқыштың есікшесін ашқан кезде оның ішіне кіретін ауада бар су
тоңазытқыштың ішінде қырау қабатының түзілуіне əкеліп соғуы мүмкін. Бұл тоңазытқыштың
жұмысының тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. Егер қырау қабатының қалыңдығы 2 мм-ден асса,
оны жібіту керек.
Мұздатқыш камераны жібіту қолдан жүргізіледі. Жібітуді орындаудың алдында тамақты, мұз
дайындауға арналған астауша мен сөрені тоңазытқыш камераға көшіріңіз, ал содан кейін
температураны реттеуіштің тұтқасын "0" қалпына орнатыңыз (содан кейін компрессор ажыратылады)
жəне мұз немесе қырау толық ерігенге жəне бұл орайда түзілген су мұздатқыш камераның түбінде
жиналғанға дейін камераның есікшесін ашық қалдырыңыз. Содан кейін жиналған суды жұмсақ
шүберектің көмегімен жинап тастаңыз. Жібітуді тездету үшін, сізге мұздатқыш камераның ішіне
жылы су (шамамен 50°С) құйылған тостағанды қоюыңызға болады. Жібіткеннен кейін
температураны реттеуштің тұтқасын бастапқы қалпына орнатуды ұмытпаңыз.
Жібіту кезінде, ішкі корпустың деформациясынан сақтану үшін, мұздатқыш камераны тікелей ыстық
сумен не
месе шашқа арналған фенмен жылытпауға кеңес беріледі.
Сондай-ақ, корпустың ішкі бетін немесе буландырғыштың бетін зақымдаудан сақтану үшін
мұздатылған тамақ толтырылған контейнерлерден мұз бен қырауды үшкір заттардың немесе ағаш
қалақшалардың көмегімен қырмауға кеңес беріледі.
96
Loading ...
Loading ...
Loading ...