User Manual - Page 87

For QS6141/32. Also, The document are for others Philips models: QS6161, QS6141

Loading ...
Loading ...
Loading ...
87
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін, өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1 Шаш кесу
2 Қалыпты тегістеу жағы (32 мм)
3 Дәл тегістеу басы (15 мм)
4 Бағыттау ойығы
5 Шаш ұзындығы реттеуінің таңдағышы
6 Триммер басын қосу/өшіру түймесі
7 Қозғалыс құлпының көрсеткіші (тек QS6160 үлгісінде)
8 Сақал алу бөлігін қосу/өшіру түймесі
9 Қыратын басы
10 Батарея күйінің көрсеткіші
11 Қалыпты тегістеу тарағы
12 Дәл тегістеу тарағы (тек QS6161 үлгісінде)
13 Зарядтайтын қондырма
14 Кішкене шанышқысы бар адаптор
15 Қорғау қақпағы
16 Щетка
17 Сақтау қалтасы (тек QS6161 үлгісінде)
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
Абайлаңыз
- Құралды қоспас бұрын, адаптерде көрсетілген кернеу жергілікті
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері төмен, не болмаса тәжірибесі
және білімі жоқ адамдар қадағалаумен немесе құрылғыны қауіпсіз
пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді
түсінген жағдайда пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы
керек. Балалар тазалауды және күтуді қадағалаусыз орындамауы
керек.
- Балалар құралмен ойнамауы керек.
ҚАЗАҚША
Loading ...
Loading ...
Loading ...