Loading ...
Loading ...
Loading ...
Kazakh
61
KK
 
Кез келген тазалау немесе техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын орындамас
бұрын ашаны шығару немесе желілік қуат
көзін ажырату арқылы сорғышты электр
желісінен ажыратыңыз.
Орнату жəне техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізген кезде əрдайым
жұмыс қолғабын киіңіз.
Бұл құрылғыны 8 жастағы жəне одан
үлкен балалар, дене, сезу немесе ақыл-
ой қабілеттері шектеулі тұлғалар немесе
тəжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар оны
қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты
нұсқау алып, ықтимал қауіптерді ұғынған
жағдайда жəне бақылауда болғанда
пайдалана алады.
Балалардың басқару элементтерін
өзгертуіне жəне құрылғымен ойнауына
жол бермеу керек.
Тазалау жəне өз бетінше техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын балалардың
бақылаусыз жүргізуіне болмайды.
Асүй сорғышы басқа газ жағу
құрылғыларымен немесе басқа
отындармен пайдаланылған кезде,
құрылғы орнатылған бөлме жеткілікті
түрде желдетілуі қажет.
Сорғыштың іші-сыртын тұрақты түрде
тазалап тұру қажет (АЙЫНА КЕМІНДЕ
БІР РЕТ).
Оны осы нұсқаулықта берілген
техникалық қызмет көрсету
нұсқауларына сəйкес жүзеге асыру керек.
Осы пайдаланушы нұсқаулығында
сорғыш пен сүзгілерді тазалауға қатысты
берілген нұсқауларды орындамау өрт
қаупіне əкеп соғады.
Тамақты тікелей сорғыш астында
жандыруға қатаң тыйым салынады.
Ашық жалынды пайдалану сүзгілер үшін
зиян жəне өрт қаупін туындатуы мүмкін,
сондықтан оған ешқашан жол бермеу
керек.
Майдың шамадан тыс қызып немесе
жанып кетпеуін қамтамасыз ету үшін,
тамақты абайлап қуыру қажет.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: Сорғыштың қолжетімді
бөліктері тамақ дайындау құрылғылары
пайдаланылған кезде қызып кетуі мүмкін.
Шамды ауыстыру үшін тек осы
нұсқаулықтың «Техникалық қызмет
көрсету/Шамдарды ауыстыру» бөлімінде
көрсетілген шам түрін пайдаланыңыз.
! Орнату толық аяқталмайынша
құрылғыны электр желісіне қоспаңыз.
Будың шығуына қарсы қолданылатын
техникалық жəне қауіпсіздік шараларын
ескере отырып, жергілікті билік
органдары бекіткен ережелерді мұқият
орындау маңызды.
Осы құрылғының түтік арқылы бағыттау
жүйесін газ немесе басқа отынды
жағатын құрылғылардан шыққан буларды
шығару сияқты басқа да мақсаттарда
пайдаланылатын кез келген
қолданыстағы желдету жүйесіне жалғау
қажет. Электр тогының соғу қаупіне
байланысты шамы дұрыс бекітілмеген
сорғышты пайдаланбаңыз жəне
қалдырмаңыз.
Торлары тиісті түрде бекітілмеген
сорғышты ешқашан пайдаланбаңыз.
Арнайы көрсетілмейінше, сорғышты
ЕШҚАШАН тірек беті ретінде
пайдаланбаңыз.
Тек орнату үшін өніммен бірге
берілген
бекіту бұрандаларын пайдаланыңыз,
егер берілмесе, бұранданың тиісті түрін
сатып алыңыз.
Бұрандалардың орнату нұсқаулығында
көрсетілген дұрыс ұзындығын
пайдаланыңыз.
Күмəндансаңыз, өкілетті қызмет көрсету
бойынша жəрдем көрсету орталығына
немесе тиісті маманданған тұлғаға
хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ! Бұрандаларды немесе бекіту
құрылғысын осы нұсқауларға сəйкес
орнатпау электрлік қауіптерге əкелуі
мүмкін.
Компания осы нұсқаулықта қамтылған
нұсқауларды орындамау нəтижесінде
Loading ...
Loading ...
Loading ...