Loading ...
Loading ...
Loading ...
Іске пайдалану
Нанның тостер ұясына дәл келетін барлық
өлшемдерін қуыруға болады.
Қоқым науасының (8) орнында екенін және
қақпақтың алынғанын қадағалаңыз.
Нанның түрін, қашан дайындалғанын және
қалыңдығын ескере отырып, түрлі дәрежеде
қуыру тетігінің (5) көмегімен 7 қуыру
уақытының бірін таңдаңыз.
Нанды салыңыз, содан кейін нан көтергішті (4)
төмен басыңыз.
Тостер уыру циклының соңында автоматты
түрде тоқтайды да, нан көтергіш бастапқы
қалпына оралып, нан тілімдері жоғары
көтеріледі.
Қуыру циклін «Тоқтату» түймесін (2) басып кез
келген уақытта тоқтатуға болады.
Ескертпе: Егер тіпті нан тостер ұясының (7)
ішіне кептеліп қалса да, қуыру циклының
соңында құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Нанды алу үшін тостерді тоқтан ажыратыңыз,
суығанша күтіңіз, содан кейін кептеліп қалған
нанды металл емес, ұшы жоқ құралмен шығарып
алыңыз.
Ыңғайлы көтеру функциясы
Сондай-ақ нанды нан көтергіштің (4) үстінде
меңзермен көрсетілгендей, нан көтергіштің
көмегімен жоғары көтеруге болады.
Ыңғайлы болу үшін нан көтергіш үстіңгі қалыпта
қалады.
Жібіту функциясы
Жібіту функциясы мұздатылған немесе жаңа
піскен нанды пайдалансаңыз, қуыру нәтижесінің
бірдей болуын қамтамасыз етеді.
Нанды қуыру үшін сәл көбірек уақыт кетеді,
себебі қуырар алдында тостер нанды әуелі
автоматты түрде жібітеді.
Қуыру тетігін (5) реттеңіз.
Нан көтергішті төмен басыңыз да, «Жібіту»
түймесін (1) басыңыз.
Тостер қуыру циклының соңында автоматты
түрде тоқтайды да, нан көтергіш бастапқы
қалпына оралады.
Жылыту функциясы
Нан көтергішті төмен басыңыз, содан кейін
«Жылыту» түймесін (3) басыңыз.
Тостер қуырылған нанды тағы қыздыру үшін
сәл ғана уақытқа іске қосылады.
Тостер қуыру циклының соңында автоматты
түрде тоқтайды да, нан көтергіш бастапқы
қалпына оралады.
Тоқаш жылыту сөресі (тек кейбір
үлгілерде)
Тоқаш жылыту сөресі (6) тоқаш жылытуға
арналып жасалған.
Қуыру тетігін (5) тоқаш таңбасы бар қалыпқа
қойыңыз.
Нан көтергішті (4) төмен басыңыз.
Тостер қуыру циклының соңында автоматты
түрде тоқтайды да, нан көтергіш бастапқы
қалпына оралады.
Ескертпе: Пирожныймен, пиццамен, пісірме
табақпен немесе тұтас бөлкемен пайдалануға
әрекет жасамаңыз. Бұл тостердің ішінде
қызудың жиналуына себеп болады. Тоқаштарды
жұқалтыр қағаздың ешқандай түріне орауға
болмайды.
Қақпақ (кейбір үлгілерде ғана)
Қақпақ тостер іске пайдаланылмаған кезде оның
бетін жабуға арналған және оның таза сақталуы
мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе: Тостер жұмыс істеп тұрғанда
қақпақты пайдалануға болмайды.
Тазалау
Тазаламас бұрын құрылғыны қуат көзінен
әрқашан ажыратып, суығанша күтіңіз.
Құрылғыны ағып тұрған сумен жууға немесе
суға матыруға болмайды. Сыртқы жағын тек
дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Темір жөкені немесе түрпілі тазалағышты
қолдануға болмайды. Ыдыс жуатын
сұйықтықты шамалы мөлшерде пайдалануға
болады. Спирт, бензин немесе бензол сияқты
еріткіштерді пайдалануға болмайды.
Қоқым науасын (8) мезгіл-мезгіл алып шығып,
босатып отырыңыз.
66
Loading ...
Loading ...
Loading ...