Candy CHTOP 482W Refrigerators

User Manual - Page 101

For CHTOP 482W.

PDF File Manual, 117 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
5. Ақаулықтарды іздеу жəне жою
1. Егер тоңазытқыш жұмыс істемесе
Электр қуатының бар екенін тексеріңіз.
Ашаның розеткаға дұрыс сұғылғанын тексеріңіз.
Сақтандырғыштың жанып кетпегеніне көз жеткізіңіз.
2.
Егер тоңазытқыш тым қатты салқындататын болса
Бəлкім, термореттеуіше салқындатудың жоғары деңгейі орнатылға болар.
Егер сіз ылғал құрамы жоғары тағам өнімдерін салқын ауа ағынының астына салсаңыз, олар жылдам
мұздауы мүмкін. Бұл ақаулық бар екенін білдірмейді.
3.
Егер тоңазытқыш жеткіліксіз салқындататын болса
Өнімдер бір біріне тым жақын жатуы, оның салқын ауаның еркін аралауын бөгет болуы мүмкін.
Тоңазытқышқа ыстық өнімдер салынған немесе олардың саны тым көп.
Бəлкім, тоңазытқыштың есікшесі тығыз жабылмаған болар.
Есікшенің тығыздағышын тексеріңіз.
Тоңазытқыштың жеткілікті желдету деңгейінің қамтамасыз етілуін тексеріңіз.
Бəлкім, тоңазытқыштың айналасында бос кеңістік тым аз болар.
Тоңазытқыштың қапталдарындағы жəне оның үстіндегі ауа саңылауын тексеріңіз.
Бəлкім, термореттеуіште температуралық режим дұрыс қойылмаған болар.
4.
Егер еріген су тоңазытқыштың ішіне ақса немесе еденге төгілсе
Дренаждық құбыржол мен дренаждық шлангінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Табандықтың дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
5.
Егер тоңазытқыштың сыртқы бетінде конденсат түзілсе
Тоңазытқыштың сыртқы бетінде конденсат жоғары ылғалдылық жағдайында, мысалы, жаңбырлы
маусым уақытында түзілуі мүмкін. Конденсат түзілетін мұндай əсер салқындатылған су стакаға
құйылған уақытта да туындайды. Демек, бұл ақаулық бар дегенді білдірмейді. Бетті құрғақ
шүберекпен сүртіп алыңыз.
6.
Егер тоңазытқышта су аққаны естілетін болса
Аққан судың дыбысы – бұл аққан тоңазытқыш агенттің дыбысы. Бұл ақаулық бар дегенді
білдірмейді.
7.
Егер тоңазытқыштың қапталдық панельдері қызатын болса
Қапталдық панельдер, егер тоңазытқыштың есікшесі тым жиі ашылып-жабылатын болса,
компрессорды іске қосқан кезде жəне жаз мезгілінде қоршаған ортаның температурасы тым жоғары
болған кезде қызады. Бұл тоңазытқыштан жылудың сыртқа шығуына байланысты. Ондай жағдайда
панельдерді қолмен ұстамаңыз. Бұл тоңазытқыштың ақаулығы бар дегенді білдірмейді.
. Техникалық сипаттамалары
*Толық техникалық сипаттамаларды алу үшін, тоңазытқыштың артқы қабырғасындағы төлқұжаттық
табличканы қараңыз.
*Техникалық сипаттамалар алдын ала құлақтандырусыз өзгертілуі мүмкін.
98
Loading ...
Loading ...
Loading ...