Loading ...
Loading ...
Loading ...
15
2. ҮЙКЕКТІ ТЕГІС, ТҰРАҚТЫ, ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ, СУ ШАШЫРАМАЙТЫН ЖӘНЕ
ЖЫЛУ КӨЗДЕРІНЕН АЛШАҚ БЕТКЕ ҚОЙЫҢЫЗ.
Шәйнек тек қоса жеткізілген үйкекпен және қақтан қорғайтын сүзгімен ғана
қолданылуы қажет.
3. ШӘЙНЕККЕ СУДЫҢ ҚАЖЕТ МӨЛШЕРІН ҚҰЙЫҢЫЗ (3 )
Үйкекте тұрған шәйнекті ешқашан толтырмаңыз.
Шәйнектегі судың деңгейі ең жоғарғы таңбадан аспауы, ең аз таңбадан төмен болмауы
қажет. Егер шәйнек толып кетсе, қайнап жатқан су шәйнек жиегінен төгілуі мүмкін.
Шәйнекті сусыз қоспаңыз.
Шәйнекті қоспас бұрын, қақпақтың жабық екендігіне көз жеткізіңіз.
4. ШӘЙНЕКТІ ҮЙКЕГІНЕ ҚОЙЫҢЫЗ. РОЗЕТКАҒА ҚОСЫҢЫЗ.
5. ШӘЙНЕКТІ ІСКЕ ҚОСУ
Тұтқаның төменгі жағында орналасқан қосу/өшіру түймесін басыңыз.
(4 )
6. ШӘЙНЕК АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШЕДІ:
су қайнау нүктесіне жеткенде. Суды төгу үшін негізден алмай тұрып оны қолмен тоқтатуға
болады. Су қайнау нүктесіне жеткенде индикатор шам өшеді. Шәйнекті үйкектен алмас
бұрын қосу/сөнд. батырмасы «сөндірулі» жағдайында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қолданып болғаннан кейін шәйнекте суды қалдырмаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
ШӘЙНЕКТІ ТАЗАЛАУ
Шәйнекті желіден ажыратыңыз.
Оны суытыңыз, сосын ылғал губкамен сүртіп алыңыз.
Шәйнекті, үйкекті, электрлі баусымды немесе штепсельді ешқашан суға салмаңыз:
электрлі қосылыстар да, ажыратқыш та сумен жанаспауы қажет.
Қажақты губкаларды қолданбаңыз.
СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ (5-сур.)
Алынбалы сүзгі құйғанда қақ бөлшектерін ұстап қалатын және кесеге түсуін
болдырмайтын тордан тұрады. Бұл сүзгі су кермектігін өзгертпейді немесе кетірмейді.
Осылайша, ол судың барлық қасиеттерін сақтайды. Өте кермекті суда сүзгі өте тез
бітелуі мүмкін (10-15 пайдалану). Оны жүйелі түрде тазалап тұру маңызды. Ылғалды
болса, оны ағып жатқан судың астына қойыңыз. Құрғақ болса, оны ақырын щеткамен
тазалаңыз. Кейде қақ өздігінен ажырамайды; онда қақты түсіру керек болады.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Егер су құрамында әк қоспалары көп болатын болса, онда, ең кем дегенде, айына бір
рет немесе одан да жиірек қақты тұрақты түрде кетіріп отыру керек.
Қақты кетіру үшін келесіні қолданыңыз:
8 % Ақ сірке суы:
Шәйнекке ½ л сірке суын құйыңыз,
Қыздырмай 1 сағатқа қалдырыңыз.
Лимон қышқылы:
½ Л суды қайнатыңыз,
25 Г лимон қышқылын қосыңыз және 15 минутқа қалдырыңыз.
Пластмасса шәйнектерден қақты кетіруге арналған арнайы препараттар: өндірушінің
нұсқаулығын сақтаңыз.
Шәйнектің ішіндегісін төгіңіз және 5-6 рет шайыңыз. Қажет болған жағдайда үрдісті
қайталаңыз.
Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай әдістермен кетірмеңіз.
KK
Loading ...
Loading ...
Loading ...