Braun TexStyle 3 steam iron TS 320 C Violet

User Manual - Page 51

For TS 320 C Violet.

PDF File Manual, 60 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
51
Үтікті қолдану алдынан қолдану нұсқауларының
бәрін толығымен оқыңыз. Қолдану
нұсқаулығын құралдың жұмыс өмірі бойынша
сақтаңыз.
Маңызды қауіпсіздік
шаралары:
Электр кернеудің үтікте көрсетілген кернеу
деңгейіне сай болуын тексеріңіз.
Бұл құрал жасы сегізден асқан балалар және
физикалық, сенсорлық немесе психикалық
қабілеттері шектелген, немесе бұл құралды
қолдану үшін керекті тәжірибесі не білімі
болмаған адамдар арқылы тек өздерінің
бақылау астында болып, немесе осы құралды
қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен
танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен
танысқаннан кейін ғана қолданыла алады.
Балалардың бұл құралмен ойнамауы қажет.
Тазалау мен күтім жұмыстары жасы 8
асқаннан балалар тарабынан ғана, тек
балалардың бақылау астында болғанында
ғана өткізіле алынады.
Жұмыс істеп тұрғанында және оның суытылуы
барысында құрал және оның кабелі жасы 8
толмаған балалардан ұзақта болуы керек.
Сақтандыру: Ыстық үстілер !
Электр үтіктері жоғары температура
және ыстық буымен жұмыс істеп,
күйіп қалу кауібіне апара алады.
Ішіне су құю алдынан үтік ашасын әрқашанда
электр тоғынан ажыратып қою қажет.
Ажырату үшін әрқашан ашасынан ұстап
тартыңыз, кабелінен тартпаңыз.
Үтіктеу барысында ешқашан су құю үшін
арналған сауыттың қақпашасын ашпаңыз.
Кабелдер ешқашан ыстық заттарына немесе
ыстық табанына тиіп қалмауы қажет.
Үтікті тұрақты үстілердің үстінде ғана қолдану
және қою қажет.
Үтікті әрқашан өзінің аяқ тірегіне тік қойып
сақтап, аяқ тірегінің тұрақты үстінде тұрғанын
тексеріп алыңыз.
Электр тоғына қосылып тұрғанында үтікті
бақылаусыз қалдырмау қажет.
Дене үстінен киілген киімдерді ешқашан
үтіктемеңіз немесе бүмен өңдемеңіз.
Жерге түсіп қалғаннан кейін, көзбен көріліне
алынатын зақымдануы пайда болғанда
немесе ішінен су аға бастаса үтікті қолданбау
қажет.
Кабелде бұзылған жерлерінің бар не жоқ
болуын үдемі тексеруіңіз лазым.
Егер құралда (кабелімен бірге) бұзылып
зақымдалған жерлері бар болса, оның
қолдануын тоқтатып, оны жөндеу үшін
Braun компаниясының техникалық қызмет
көрсету орталығына апарыңыз. Қате жасалған
немесе кәсіби түрде жасалмаған жөндеу
жұмыстары апаттарға жол беріп,
пайдаланушының жарақаттануына апаруы
мүмкін. Braun компаниясының
электрбұйымдары қолдануда болатын
қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.
A Сипаттама
1 Бүріккіш қондырма
2 Су сауытының аузы
3 Бу генераторы
4 Бүріккіш түйме
5 Қатты тигізу түймешігі
6 Температура қосқышы
7 Сигнал шамы
8 Таяныш
B Жұмысты бастамас бұрын
Бұл үтік шүмектен аққан суға арналып
жасалған. Егер сіздегі су аса кермек болса,
біз 50 % шүмектен аққан су мен 50 %
тазартылған суды қосып пайдалануды
ұсынамыз. Су сауытына «max» таңбасына
дейін су құйыңыз. Тазартылған судың
жалғыз өзін ешқашан пайдаланбаңыз.
Ешқандай үстемелерді (мысалы, крахмал)
қоспаңыз. Кептіргіш барабанда жиналған
суды пайдалануға болмайды.
Су толтырмас бұрын бу генераторын өшіріңіз
(«0» = бу өшірулі).
Үтікті сәл қисайта ұстап тұрып (B бөлімінде
көрсетілгендей), су сауытына «max»
таңбасына дейін су құйыңыз.
Үтікті таянышына тігінен тұрғызып қойыңыз
да, электр желісіне жалғаңыз.
Үтіктің таянышындағы немесе киімнің
затбелгісіндегі үтіктеу нұсқауларына сәйкес
температураны таңдаңыз.
Қалаған температураға жеткен кезде
(шамамен 1 1/2 минуттан кейін), сигнал
шамы (7) сөнеді.
C Үтіктеу
1 Vario steam
Бу көлемін бу генераторын (3)
(0 = бусыз,
= ең көп бу көлемі) пайдалану
арқылы таңдауға болады.
Ескерту: Үтіктеу кезінде бу генераторын Qp
параметрінен асырып бұрмаңыз.
Температура таңдау тетігін (6) «••» және
«max» аралығында орнату керек.
Алдын ала баптау
Бу сондай-ақ үтік табанының алдыңғы
жағынан көлбеу түрде шығады. Бұл функция
тоқыма маталарды «алдын ала булау»
арқылы баптау арқылы үтіктеуді жеңілдетеді.
Сақ болыңыз – бу сыртқа байқатпай
шығады.
2 Қуатты көбейту
Пайдаланардан бұрын қуатты көбейту
түймешігін (5) іске қосу үшін оны 3 – 4 рет
басыңыз.
Қуатты көбейту түймешігін кем дегенде
5 секундтық аралықпен басыңыз.
Қуатты көбейтуді құрғақ үтіктеу кезінде іске
қосуға болады.
Температура таңдау тетігін (6) «•••» және
«max» аралығында орнату керек.
Қатты тигізу функциясын сондай-ақ ілулі
тұрған киім-кешекті булау үшін тік қалыпта
пайдалануға болады.
3 Бүрку функциясы
Бүрку түймешігін (4) басыңыз.
4 Құрғақ үтіктеу
Бу реттегіш тетікті (3) «0» қалпына (= бу
өшірулі) орнатыңыз.
D Үтіктегеннен кейін
Үтікті тоқтан суырыңыз да, бу генераторын
«0» қалпына бұрыңыз. Үтіктің қызмет
мерзімін ұзарту үшін су сауытындағы суды
төгіңіз. Суыған үтікті таяныш тірегінде тұрған
күйінде құрғақ жерде сақтаңыз.
Қазақ
DLB248065_5712710334_UI_TexStyle_340_320_S06_60_MN_Arab_UK.indd 51 30.05.16 14:38
Loading ...
Loading ...
Loading ...