User Manual - Page 88

For FC9236/02.

Loading ...
Loading ...
Loading ...

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды
қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
Philips қызмет көрсету орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету
орталығында немесе тиісті білімі бар мамандар алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Шлангты, түтікті немесе басқа қосалқы құралды көзге, құлаққа
бағыттамаңыз, сондай-ақ шаңсорғыш қосулы, ал шланг шаңсорғышқа
тағылып тұрғанда, ауызға салмаңыз.

- Үлкен заттарды сорғызуға болмайды, себебі олар түтік пен шлангта
тұрып қалып, ауа ағынын бөгеуі мүмкін.
- Шаңсорғышты күл, ұсақ құм, әк, цемент шаңын және соған ұқсас
басқа заттарды сорғызу үшін қолданған кезде, сүзгі цилиндрінің
тесіктері бітеліп қалады. Егер сорғызу қуатының біраз төмендегенін
байқасаңыз, сүзгі цилиндрін тазалаңыз.
- Үлкен заттарды сорғызғанда, түтіктегі немесе шлангтағы ауа ағыны
бөгелуі мүмкін. Мұндай жағдайда бітеп тұрған затты алып тастаңыз.
- Бұл құралды моторды қорғау сүзгісін салмай қолдануға болмайды.
Моторға зақым келіп, құралдың қызмет ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
- Сүзгі цилиндрі суға төзімді емес, сондықтан оны сумен немесе
тазалағыш сұйықтықтармен тазалауға болмайды. Сүзгіні тек «Сүзгі
тазалау» жүйесімен тазалаңыз.
- Құралмен бірге берілген Philips компаниясының сүзгі цилиндрлерін
ғана пайдаланыңыз.
- Шаңсорғышпен тазалау барысында, әсіресе ауа ылғалдығы
төмен бөлмеде, шаңсорғышта статикалық ток жиналады. Осыған
байланысты түтікті немесе шаңсорғыштың басқа темір жерін
ұстағанда, ток соғуы мүмкін. Бұндай токтың соғуы зиянды емес
және құралды зақымдамайды. Бұл қолайсыздықты жою үшін, мына
әрекеттерді орындаған жөн:
88
Loading ...
Loading ...
Loading ...