Candy FR CIR 17 E Refrigerators

User Manual - Page 30

For FR CIR 17 E. Also, The document are for others Candy models: CCPS 6180WRU, CKBN 6180IWRU, CCPS 6180SRU, CKBN 6180ISRU, CKBS 6180SRU, CKHN 200IWRU, CCPF 6180WRU, CKHN 200ISRU, CCPF 6180SRU, CKHN 200IXRU, CKBF 6180WRU, CKHN 202IXRU, CKBF 6180SRU, CKHF 6180IWRU, CKHF 6180ISRU

PDF File Manual, 47 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Тоңазытқышты қосқан соң жəне балғын немесе тоңазытылған азық-түліктерді тоңазытқышқа
салудан алдын, тоңазытқышта/мұздатқышта қалыпты жұмыс температурасын тұрақтандыру үшін,
2-3 сағат күтіңіз.
Желілік шнурды суырып тастаған жағдайда, тоңазытқышты/мұздатқышты қайтадан қосудың
алдында бес минуттай күтіңіз. Содан кейін тоңазытқыш жұмыс істеуге дайын.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
Электр тогынан зардап шегу қорғаныс деңгейі бойынша, тоңазытқыш I класқа жатады жəне 220-
240В желіге, жерге қосылған 2-полюсті розетка арқылы 50Гц қосылуы қажет.
Ауыспалы токтың желідегі сақтандырғышы – 10А.
Желілік шнурды электрлік розеткасына вилканы қоюдан алдын, келесілерді тексеріңіз:
•электрлік розетка жерге қосылған жəне əрекет етуші ережелер мен нормалардың талаптарына
сəйкес келеді.
•электрлік розетка электр аспаптарының ең жоғарғы деңгейдегі жүктемесін көтеруі мүмкін, ол
тоңазытқыштың төлқұжаттық кестесінде көрсетілген.
электр желісінің кернеуі тоңазытқыштың төлқұжаттық кестесінде көрсетілген кернеуге сəйкес
келеді.
•электрлік розетка электр аспаптарының желілік шнурының вилкасына сəйкес келеді.
Жерге қосылған розетканы орнату үшін, білікті электр маманына жүгіну қажет.
•Электр аспаптарын толық орнатып болған соң, тоңазытқыш қосылған, оның желілік шнурына
жəне электрлік розеткаға қолайлы қол жетуді қамтамасыз ету қажет.
Желілік шнур ширатылып немесе қысылып қалмауы қажет.
Желілік шнурды тұрақты қарап, бақылап тұру қажет. Желілік шнурды ауыстыру, қызмет көрсету
қызметінің білікті маманы арқылы орындалуы тиіс.
Қуат көзінің шнуры бұзылған жағдайда, оны өндірушіден немесе оның өкілінен алынған,
шнурмен ауыстыру қажет болады.
•Егер осы сақтық шаралары сақталмаған болса, онда өндіруші ешқандай айып-кінəраттарды
қабылдамайды.
Тоңазытқыш электр желісіне қосулы тұрғанда, тоңазытқышқа жəне табиғи жолмен жерге қосылған
қондырғыларға (газ плитасы, радиаторлар, су жүргізетін құбырлар) бір мезгілде қол тигізуге тыйым
салынады.
ПАЙДАЛАНУ
Қосу/Өшіру (дисплейсіз тоңазытқыш)
Тоңазытқыштағы температураны бақылауға арналған термостаттың блогы тоңазытқыш камерасында
орналастырылады (4 сурет). Тоңазытқышты қосу үшін термостаттың тұтқышынан ұстап, « 0 »
күйінен шығарыңыз. Тоңазытқыштың есіктер ашқан кезде, жарық жана бастайды. Термостаттың
тұтқышын « 0 » күйіне қою тоңазытқышың электр қуатын толығымен өшіреді.
4
сур
е
т
6
Loading ...
Loading ...
Loading ...