Philips GC7057/20R1 Refurbished Steam generator iron

User manual - Page 45

For GC7057/20R1.

PDF File Manual, 104 pages, Read Online | Download pdf file

GC7057/20R1 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
44
Кіріспе
The Woolmark Company Pty Ltd компаниясы бұл үтікті тек жүннен жасалған өнімдерді
үтіктеуге қолдануды бекіткен. Тек киімді киім этикеткасындағы және осы үтік
өндірушісінің нұсқауларына сай үтіктеу керек. R1401. Ұлыбританияда, Эйрда, Гонконгта
және Үндістанда Woolmark сауда белгісі куәліктендіру белгісі болып табылады.
Жалпы сипаттама (Cурет 3)
1 Тасымалдау бекітпесі (GC7057, GC7055, GC7036, GC7035, GC7031)
2 Су ыдысын толтыру шұңғымасы
3 Су ыдысы
4 Үтіктің түпқоймасы
5 Су жеткізу шлангісі
6 Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
7 Қақ тазалау шамы бар қақ тазалау түймесі
8 Тоққа қосылғандығын білдіретін жарығы бар қосу/өшіру түймесі
9 Жарығы бар ECO түймесі
10 Үтіктің табаны
11 Бу шығару түймесі
12 «Үтік дайын» жарығы
13 Зерделі қақ тазалау ыдысы
OptimalTEMP технологиясы
OptimalTEMP технологиясы үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік температурасын
реттеместен үтіктеуге мүмкіндік береді.
- Мына белгілері бар маталарды, мысалы, зығыр, мақта-мата, полиэстер, жібек, жүн,
вискоза және жасанды жібекті үтіктеуге болады (Cурет 4).
- Мына белгісі бар маталарды үтіктеуге болмайды. Бұл маталардың құрамында
спандекс немесе эластан, спандекс аралас талшықтар және полиолефиндер (мысалы,
полипропилен) сияқты синтетикалық талшықтар бар. Сондай-ақ, басылған суреті бар
маталарды да үтіктеуге болмайды (Cурет 5).
Пайдалануға ұсынылатын су: дистильденген немесе минералсызданған су.
Құрылғы құбыр суын қолданатын етіп жасалған. Егер кермек су аймағында
тұрсаңыз, қақ жылдам пайда болуы мүмкін. Сондықтан, құрылғының қызмет
көрсету мерзімін ұзарту үшін дистильденген немесе минералсызданған суды пайдалану
ұсынылады.
Хош иісті суды, кептіргіштен алынған суды, сірке суын, крахмалды, қақ түсіру заттарын,
үтіктеу заттарын, химиялық түрде қағы түсірілген суды немесе басқа химикаттарды
пайдаланбаңыз, өйткені олар судың шашырауына, қоңыр дақтарға әкелуі немесе
құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Үтіктеу
Құралды пайдалануды бастау үшін орамдағы жылдам бастау
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
Ескертпе. Үтіктеу кезінде үтікті мата үстінде жылжытқанда, бу шығарғышты үздіксіз басып
тұрыңыз.
ҚАЗАҚША
Loading ...
Loading ...
Loading ...