Karcher 1.628-290.0 WD 4 P S V-20/5/22

Bedienungsanleitung - Page 34

For 1.628-290.0.

PDF File Manual, 40 pages, Read Online | Download pdf file

1.628-290.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
34
Қазақша
Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар Ылғалды/құрғақ
тазалауға арналған
шаңсорғыштар жəне құрғақ
тазалауға арналған
шаңсорғыштар
Бұйымды алғаш рет қолдану алдында осы
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды жəне
түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып
шығыңыз. Оларға сай əрекет етіңіз. Кітаптардың
екеуін де кейін пайдалану немесе кейінгі
пайдаланушылар үшін сақтап қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы
нұсқаулармен қоса, заңмен белгіленген жалпы
қауіпсіздік жəне қауіпсіздік техникасы бойынша
ережелерге назар аударуыңыз қажет.
●Құрылғыдағы нұсқаулары мен е
скертулері ба
р
тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған
маңызды нұсқауларды береді.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
ҚАУІП ● Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы
балалардан алыс ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны тек нұсқауға
сəйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды
ескеріңіз жəне құрылғымен жұмыс істеген кезде,
бөгде тұлғаларды, əсіресе балаларды
қадағалаңыз. ● Физикалық, сезгіштік немесе ақыл-
ой қабілеті нашарлаған не тəжірибесі мен
біліктілігі жетіспейтін тұлғаларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне
жауапты тұлға нұсқаулық берген жəне олар
нəтижесінде пайда болуы ықтимал қауіптерді
түсінген, құры
лғы тиісті түрде бақыланған
жағдайда ғана пайдалана алады. ● Құрылғыны
пайдалану бойынша нұсқау берілген немесе
құрылғыны пайдалану мүмкіндігін растаған жəне
осы мақсатқа нақты тағайындалған адамдарға
ғана пайдалануға рұқсат етілген. ● Балаларға
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
● 8 жастан үлкен балалар олардың қауіпсіздігі үшін
жауапты тұлғаның тарапынан құрылғыны
пайдалануға машықтанған немесе қадағаланған
жə
н
е құрылғыны пайдаланудан туындайтын
қауіптерді түсінген жағдайда ғана құрылғыны
пайдалана алады. ● Балаларды бұйыммен
ойнамайтындай етіп қадағалап тұрыңыз.
● Балалар тазалау жəне техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын тек біреудің бақылауында
орындай алады.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Қорғаныс құрылғысы
сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Қорғаныс
құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе
ажыратпаңыз.
Ток соғу қаупі
ҚАУІП ● Құрылғыны тек ауыспалы ток
көзіне қосуға рұқсат етіледі. Зауыт
тақтайшасында көрсетілген кернеу желі
кернеуіне сəйкес келу керек. ● Ешқашан қуат
ашасы мен электр розеткасын ылғалды қолмен
ұстамаңыз. ● Құрылғыны тек ақаулардан
автоматты қорғаныспен (макс. 30 мА)
пайдалануға рұқсат етіледі. ● Құрылғыны суға
салмаңыз.
ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны IEC 60364-1
стандартына сəйкес электрик маман орындаған
қуат көзіне жалғаңыз. ● Əрбір іске қосу алдында
желі кабелі мен желі ашасында зақым белгілерінің
жоқтығын тексеріңіз. Желі кабелі зақымдалған
жағдайда құрылғыны пайдалануға тыйым
салынады. Зақымдалған желі кабелін дереу
авторизацияланған сервистік қызмет/электрик
мамандар күшімен ауыстыру керек. ● Жаншу, қысу,
созу немесе осыған ұқсас əреке
тпен же
лі кабелін
немесе ұзартқышты зақымдап алмауға
тырысыңыз. Желі кабелін жоғарғы температура,
май жəне өткір жиектер əсерінен қорғау керек.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Ұзақ тоқтап тұрғанда
жəне пайдаланып болған соң құрылғыны басты
ажыратқышпен ажыратып, ашаны желіден
суырыңыз. ● Əрбір тазалау/қызмет көрсету
алдында құрылғыны өшіріп, қуат ашасын
розеткадан алыңыз. ● Жұмыс кезінде қуат сымын
құрылғыдан толығымен шығарыңыз. Егер кабель
кабель ілгегіне оралған болса, оны толығымен
босату керек. ● Құрылғыны қуат сымы арқылы
алып жүр
меңіз/та
сымалдамаңыз. ● Ашаны
розеткадан қуат беру сымынан тартып
шығармаңыз.
Ылғалды сору
ЕСКЕРТУ
● Көбіктенгенде немесе сұйықтық ағып кеткенде,
құрылғыны дереу сөндіріп, қуат ашасын
суырыңыз.
Пайдалану
ҚАУІП
● Жарылыс қаупі бар аймақтарда пайдалануға
тыйым салынады.
● Жарылыс қаупі
Жанғыш газдарды, сұйықтықтарды немесе
шаңдарды шаңсорғышпен тазаламаңыз.
Реактивті металл шаңдарды (мысалы,
алюминий, магний немесе мырыш)
шаңсорғышпен тазаламаңыз.
Сұйылтылмаған сілтілерді немесе
қышқылдарды шаңсорғышпен сормаңыз.
Өртенетін немесе тозаңдаушы заттарды
шаңсорғышпен сормаңыз.
Бұл заттар құрылғыда пайдаланылатын
материалдарды қосымша тиіп кетуі мүмкін.
Loading ...
Loading ...
Loading ...