Karcher 1.629-911.0 WD 3 Battery Set

OPERATION MANUAL - Page 141

For 1.629-911.0.

PDF File Manual, 154 pages, Read Online | Download pdf file

1.629-911.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
– 5
Құрылғыны алғаш рет пайдаланбас
бұрын, осы қауіпсіздік жөніндегі
нұсқауларды, осы түпнұсқалық
пайдалану нұсқаулығын,
аккумулятор жинағына қоса берілетін қауіпсіздік
жөніндегі нұсқауларды және қоса берілетін
түпнұсқалық аккумулятор жинағын/стандартты
зарядтау құрылғысын пайдалану нұсқауларын
оқыңыз. Оған сәйкес әрекет етіңіз. Буклеттерді
кейінірек пайдалану үшін немесе кейінгі иелері үшін
ұстаңыз. Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы
нұсқауларға қосымша құрылғы пайдаланылатын
елдің қауіпсіздік техникасы мен қайғылы
жағдайлардың алдын алудың жалпы нұсқауларын
сақтау керек.
Осы қолдану туралы нұсқаулықта берілген
сипаттамалар мен қауіпсіздік нұсқауларына сәйкес,
бұйым әмбебап сорғыш ретінде қолданылуға
арналған.
Бұл құрылғы жеке қолданысқа арналған және
өндірістік мақсаттармен қолданылуға арналмаған.
Бұйымды жаңбырдан сақтаңыз. Далада ашық
аспан астында сақтауға болмайды.
Күл мен құрымды осы бұйым арқылы соруға
болмайды.
Пайдалану үшін номинал кернеу 36 В болатын
KÄRCHER батарея қуаты (+) платформасының
аккумулятор жинағы, сондай-ақ номинал кернеу
36 В болатын KÄRCHER зарядтау құрылғысы
қажет. «Жинақталған нұсқаларға» аккумулятор
жинағы мен зарядтау құрылғысы кіреді.
Жеткізілім жиынтығына кірмейтін немесе
қосымша қажет болатын аккумулятор
жинақтарын/зарядтау құрылғыларын арнайы
жабдықтар ретінде сатып алуға болады.
Өндіруші бұйымды мақсатына сай емес қолдану
немесе қате түрде қолданудан пайда болатын
зияндар үшін жауапкершілік көтермейді.
Құрамындағы заттар туралы анықтамалар
(REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мағлұматтарды астыда көрсетілген интернет
беттерімізде оқи аласыз:
www.kaercher.com/REACH
Құрамындағы заттар туралы анықтамалар
(REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мағлұматтарды астыда көрсетілген интернет
беттерімізде оқи аласыз:
www.kaercher.com/REACH
Бұйымдарымыз үшін әр елде жауапты өтім
серіктестеріміз тарапынан шығарылатын кепілдеме
шарттары күште болады. Егер материалдардың
ақаулығы немесе дайындау барысындағы
қателіктер табылса, біз ықтимал ақаулықтарды
кепіл мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі
ішінде наразылықтарыңыз болса, аспапты сатқан
сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті
сервистік қызмет көрсету орнына сатып алу чегін
көрсетіп, хабарласыңыз.
Мазмұны
Жалпы нұсқаулар KK 5
Қауіпсіздік нұсқаулары KK 6
Бұйым сипаттамасы KK 7
Орнату KK 8
Аккумулятор жинағын зарядтаңыз KK 8
Бұйымды іске қосу KK 8
Пайдалану жөніндегі жалпы нұсқаулар KK 8
Қолдану KK 8
Тасымалдау KK 9
Күту мен техникалық тексеру
жұмыстары KK 9
Кедергілер болғанда көмек алу KK 9
Техникалық мағлұматтар KK 10
Жалпы нұсқаулар
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдары екінші рет өңдеуге
жарамды. Орауышты қоршаған ортаға қауіпсіз
түрде кәдеге жаратыңыз.
Ескі бұйымдарда қайта өңделуге жіберілуі тиіс
бағалы, қайта өңдеуге болатын материалдар
бар. Батареялар мен аккумуляторларда
қоршаған ортаға зиян әкелетін заттар бар. Ескі
бұйымдар мен батареяларды немесе
аккумуляторларды қоршаған ортаға зиян
келтірмей кәдеге жаратыңыз.
Электрлік және электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе қате кәдеге
жарату нәтижесінде адам денсаулығына және
қоршаған ортаға қауіп төндіруі ықтимал
бөлшектер жиі кездеседі. Алайда аталған
бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін
қажет болады. Осы таңбамен белгіленген
бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге тастауға
болмайды.
Кепілдеме
141KK
Loading ...
Loading ...
Loading ...