User Manual - Page 91

For HX9368-35.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
91

- Тіс щеткасын ваннада немесе душта қолданбаңыз.
- Тіс щеткасын қолданар алдында, егер сіз 2 ай шамасында жақ
сүйекке, бетіңізге немесе тіс етіне опреация жасаған болсаңыз,
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Егер осы тіс щетканы қолданған соң шамадан тыс қанау орын
алса, немесе 1 апта пайдаланған соң қанау жалғаса берсе, тіс
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Sonicare тіс щеткасы электромагниттік құрылғыларға
арналған қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді. Егер сізде
кардиостимулятор немесе басқа импланттық құрылғылар болса,
Sonicare құрылғысын пайдаланар алдында дәрігеріңізге немесе
имплант құрылғысын өндірушіге хабарласыңыз.
- Бұл құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен тілді тазалауға арналған.
Қандай да бір басқа мақсатта қолдануға болмайды. Қолайсыздық
немесе ауырсыну сезінсеңіз, құрылғыны қолдануды тоқтатып,
дәрігерге хабарласыңыз.
- Егер сізде медициналық проблемалар болса, Sonicare құрылғысын
пайдаланар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Sonicare тіс щеткасы — жеке күтім құрылғысы және
стоматологиялық жұмыста немесе мекемеде көптеген
емделушілерге қолдануға арналмаған.
- Қылшықтары жаншылған немесе майысқан щетка басын
қолданбаңыз. Щетка басын 3 ай сайын немесе тозу белгілері
байқалса, одан да ертерек ауыстырыңыз.
- Щетка басын ыдыс жуғышта тазаламаңыз.
- Өндірушінің ұсынған қылшақ басынан басқа қылшақ бастарын
қолдануға болмайды.
- Тісті жақсы тазалау әдетіне үйренбейінше, балаларды тіс тазалау
барысында қадағалаңыз.
- Егер тіс пастаңызда пероксид, ас немесе екі көмір қышқылды содасы
(ағартатын тіс пасталарында көбіне кездеседі) болса, щетка басын
әрбір пайдаланған соң сабындап, сумен мұқият тазалаңыз. Бұл
пластиктің шытынауынан қорғайды.
Loading ...
Loading ...
Loading ...