Loading ...
Loading ...
Loading ...
- Зарядтағышты және/немесе дезинфекторды
сыртта немесе қызған беттердің жанында
пайдаланбаңыз.
- Құрал қалай зақымдалса да (щетка басы,
тіс щеткасының сабы, зарядтағыш және/немесе
дезинфектор), оны қолдануды тоқтатыңыз.
Бұл құрал құрамында пайдаланушы жөндей
алатын бөлшектер жоқ. Егер құрал зақымдалса,
еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз («Кепілдік пен қызмет көрсету»
тарауын қараңыз).
- Құралды қауіпсіз пайдалану жөніндегі
нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және
құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер
түсіндірілген жағдайда, осы құралды 8 жасқа
толған балалар және физикалық мүмкіндігі
мен ойлау, сезу қабілеті шектеулі, білімі мен
тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады. 8 жасқа
толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз
тазалау және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізбеуі тиіс. Құрал мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерге қойыңыз.
- Балалар құралмен ойнамауы керек.
- Есік ашық кезде УК жарық шамы қосулы қалса,
дезинфекторды пайдалануды тоқтатыңыз. УК
жарық адам көзіне және терісіне зиянды болуы
мүмкін. Дезинфекторды әрқашан балалар
жетпейтін жерде ұстаңыз.
Ескерту
- Щетка басын, сапты, зарядтағышты, зарядтағыш
қақпағын және/немесе дезинфекторды ыдыс
жуу машинасында тазаламауға болмайды.
- Тіс щеткасын қолданар алдында, егер сіз 2 ай
шамасында жақ сүйекке, бетіңізге немесе тіс
етіне операция жасаған болсаңыз, дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.
ҚАЗАҚША 75
Loading ...
Loading ...
Loading ...